Наурыз мейрамы құтты болсын!

1553063117491218.jpg

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

Қазіргі уақытта Наурыз мейрамы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт - дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

 

Директорға сұрақ қою