Білім күнімен!

1535776743392754.jpg

Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке - Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғарғы оқу ордарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Директорға сұрақ қою