«Жыл мұғалімі -2020» сайысы

1583119499768146.png

29.02.2020 –  «Жыл мұғалімі -2020» сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты:

дарынды мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу; мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесі мен кәсібилігін арттыру; кәсіби педагогикалық шығармашылықты ынталандыру; инновациялық педагогикалық қызметті анықтау және тарату; жаңа педагогикалық ойлауды қалыптастыру.

Сайысқа кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдер қатысты.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

  1. Іріктеу кезеңі, 02.2020 -  тестілеу
  2. Екінші кезең02-27.02.2020 - ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар.
  3. Үшінші кезең –29.02.2020 (Финал)

Финалға бес мұғалім қатысты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыздыкова А.Г., технология мұғалімі Капизова К.Н., ағылшын тілі мұғалімі Терискенбаева Ж.Б., биология пәнінің мұғалімі Қалибеков С.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ченыбаева А.С.

Қатысушыларды әкімшілік мүшелері, психологтар мен мұғалімдер кіретін білікті қазылар алқасы бағалады: директордың орынбасары  Калиева А.О., Батыргалиева Ш.Х., Минкенова Г.К., директорының орынбасары Калыкова Т.Ж. психолог Абдуова Ш.Т., кәсіподақ комитетінің төрайымы Сахнова Л.Н., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраева С.А.

Сайысының қорытындысы бойынша Гран-при Сыздыкова А.Г. марапатталды. 1-орын, Капизова К.Н. , Теріскенбаева Ж. Б.  және Қалибеков С.М.  2-орынды бөлісті. Ченыбаев А.С. 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
           

Директорға сұрақ қою