«Кітап оқу – бақыттың кілті»

1574307438870161.jpg

Нұр – Сұлтан қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова А. Г. 2019 жылдың 15 қараша күні жобасы практикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу – бақыттың кілті» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шараға оқу ісінің орынбасары Тналина А. М., Батыргалиева Ш.Х. мектеп мұғалімдері, ата-аналар және бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараны жобамен жұмыс істеп жүрген 5 «Ә» сынып оқушылары Серікбай А. мен Кудабекова А. жүргізді.

Іс-шарада жоба жетекшісі Сыздыкова А.Г. оқушыларға «Кітап оқудың пайдасы» парақшасының таратылғаны туралы, 2-сынып, 3-сынып оқушыларының оқып, мазмұнына сурет салып, оқушылардың тапсырған материалдарымен  ертегілер, әңгімелер жинағын шығарғанын айтып, кітапшаларды көрсетті.

Іс-шарада 3-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге жазған сценарийлері бойынша  «Мақта қыз бен мысық», 4-сынып оқушылары «Күлше қыз» ертегілері негізінде қойылым қойды.

4-сынып оқушылары өздеріне ұнайтын ертегіілері мен әңгімелерін айтып, ой бөлісті. Жүргізушілер олардың айтқан ертегі, әңгімелері бойынша кейіпкер неліктен мұндай әрекет жасады? Қалай ойлайсыздар, олардың әрекеттері дұрыс па? және т.б. сұрақтар қойды.

Іс-шарада мектеп кітапханашысы Аленова Қ. көрме ұйымдастырып, оқушылар мен ата-аналарды жаңа кітаптармен таныстырды.    

 

Директорға сұрақ қою