1 желтоқсан 2022 жылы “Алаштың ақсұңқары” атты I Аймақтық Ақселеу оқулары болып өтті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1 желтоқсан 2022 жылы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде “Алаштың ақсұңқары” атты I Аймақтық Ақселеу оқулары болып өтті. Аталған сайысты “Астана дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау орталығы мен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицей бірлесіп өткізді. Оқулар 3 бағытта өтті. “Бір өзі бір әлем” номинациясы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушылары - Қонысов Жан, Жауынбай Назерке, Бақыт Ерасыл, Закария Марғұлан, Қалыбек Бақдәулет (6 Ә, 6 Ж, 6 Ө)сахналық қойылым көрсетіп II орын иеленді. “Бір өзі - бір әлем” номинациясы бойынша қазылар алқасының ұсынған тақырыбымен эссе жазу сайысында 8 Ә сынып оқушысы Бекболат Жаннұр III орынды иеленді. Сайысқа дайындаға жетекшілері Ибраева Сараш Әлкебаевна мен Юсупова Халима Калиевнаға шығармашылық табыстар тілейміз!

Директорға сұрақ қою