Семинар

1451046638131743.jpg

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында мектеп оқушыларын оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі болуға тиіс екенін атап өткен болатын.

Астана қаласы Білім Басқармасының жоспарына сай қараша айында  №14 мектеп-гимназиясында мектепті аттестаттау өткізілді.

Практикалық бөлімде 7  «А» сыныбында С.Т.Апенова «Пошта аштым», 10 «А»К.Б.Искакова «Асар жасау» және С.З.Мухитова 8 «Б» сыныбында «Жаужүрек мың бала» 5 «А» сыныбында Мусабекова Г.К.  «Емханада»   тақырыптарында сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Олар сабақ барысында шәкірттерінің жұппен, топпен өз беттерімен алған білімдерімен жұмыс істеулерін, түсінуін, ауызша және жазбаша баяндап беру тәсілдерін, талқылауын, ізденуін, табуын, зерттеу жұмыстарын жасауын және оны қорғауын, ойнап, ойлап, көңіл көтерулерін көрсетті. Оқушылардың сабаққа қорытынды жасап, оны дәлелдеп қорғауын, пікір таластыра алуын және өзін-өзі бағалай алуын, сонымен қатар мұғалімнің қорытынды бағалауы да практикада көрсетілді. Мұғалімдер оқушылармен  ұйымдастырған оқыту іс-әрекеттірінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану әдістерін, шығармашылықпен жұмыс істеу түрлерін көрсетті. Сабаққа қатысушылар рефлексия парағын толтырып, ашық сабақтардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, өткізетін сабақтарын одан әрі жетілдіре беруге өз ұсыныстарын айтты.

Практикалық бөлімді КТЛ оқу ісінің меңгерушісі, әдіскер, мектеп директор орынбасары А.О.Калиева мен әдістеме бірлестігінің жетекшілері С.Ә.Ибраева,  С.Т.Апенова өткізілген сабақтарға талдау жасады. Сабақ барысында оқушылардың тілдерін дамытуға көбірек көңіл бөлінсін, АҚТ-ны сабақта орынды пайдаланып, жаңа оқыту технологияларын зерделеп, сабақты ұтымды пайдалануды ұсынды. Практикалық сабаққа қатысушылар жоғары дәрежеде өткізілген сабақтарды одан да әрі қарай жетілдіре беруге және үнемі оқушылардың және ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жасай берулеріне тілектестіктерін білдірді. Мектеп ұстаздары әлемдегі озық тәжірибелерді тиімді пайдаланып, оқушылардың білім алу жолында аянбай еңбек етуде. Осы бағытта әр оқушының өз бойындағы ерекше қасиеттерін тауып, еңбек пен әрекет үстінде дамыта берсек, білім сапасы көтеріле бермек.

 

Мақала авторы:   Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова Айслу Габденовна

 

 

 

Директорға сұрақ қою