Қазақ тілінен "ЗИЯТ" ІІІ жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

1487311492266533.jpg

Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясы оқушыларының қазақ тілінен «ЗИЯТ» ІІІ жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасына қатысуы туралы мәлімет

 

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “Біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән береміз.

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан біздің орыс сыныптағы оқушылар   қазақ тілінен «ЗИЯТ» ІІІ жалпықазақстандық қашықтық олимпиадасына белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Олимпиада екі турда өтті. Барлық қатысқан 34 оқушы жүлделі орынға ие болып, сертификаттармен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломымен марапаталды. Ал, оқушылардың ата-аналары қолдау көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Біздің мектеп-гимназиясында  оқушылардың  жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасалды. Бүгінгі нәтижеге қарағанда, мұғалімдердің еңбегі жанғаны байқалды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Нурмагамбетова Д.Б., Мухитова С.З., Искакова К.Б., Капанова М.Е., Сыздыкова А.Г., Исабекова А.Т., Мусабекова Г.К. грамотамен марапаталды. Мектеп әкімшілігі, ӘБ жетекшісі Апенова С.Т. зияткерлік жобаны ұйымдастыруда қолдау  көрсеткені үшін алғыс хатқа ие болды.

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


Директорға сұрақ қою