Қарттарым- асыл қазынам

1487826254357390.jpg

Ақпанның 22- сі күні Көктал шағын ауданында орналасқан қарттар үйіне 7 "ә"  7 "ғ"  сынып оқушылары "Қарттарым -асыл қазынам" атты қайырымдылық іс-шарамен барды.  Қайырымдылық іс-шара барысында оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама мен мерекелік дастархан дайындалды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, қарияларға жақсы көңіл сыйлады. Мерекелік дастарханға тәтті тоқаштармен бәліштер, құймақтар қойылып шай берілді. Төсек тартып бөлмеден шыға алмайтын қарияларға дастарханнан дәм апарып хал- жағдайларын сұрады. Қариялардың көңіл күйлері көтеріліп, балалармен бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнады. Өз кезегінде қариялар ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Әкімшілік тарапынан ізгі тілектер айтылды. Оқушылар бұл қайырымдылық шарасынан өздеріне үлкенді құрметтеуді, қайырымлық іс жасаудың маңыздылығы зор екенін түсінді.



Директорға сұрақ қою