Өзін-өзі тану пәнінің апталығының ашылуы
Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану. Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы » атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өтілуде.
Іс-шара барысында мектептің оқушыларына арналған түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар сыныптан тыс іс-шаралар өткізуде.
Апталықтың ашылуы ерекше түрде; яғни ата-аналарға «жүректен -жүрекке» деп атаумен тілектер жазылған жүрекшелер таратылды. Оқушылар арасында «Біле жүрейік» акциясы өткізілді, яғни барлық сыныптарға нақыл сөздер мен өсиет әңгімелер таратылып, оны сынып сағаттарында оқып талқыланды.
Әріптестерге апталықтың ашылуын тілек жазылған жүрекшелерді таратып, «Взгляд в окно» әңгімесі оқылып, талқыланды, қызу талқыдан кейін, «Шегенің орны» видеоролигімен қорытындыланды.
Онкүндіктің 10 күні түрлі атаулармен аталынды.
Отбасы күні барысында ата-аналарға арналған театрланған «қара пима» спектаклі көрсетіліп,
артынан ата-аналар мектеп психологы Абдуова Ш.Т ртенинг өткізді.