Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өтті

1524031334276942.jpg

Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында  болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын күш тек қана білімде ғана, сондықтан білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде көтеру талап етілген. Мемлекеттік тілді меңгеру, сол тілде сөйлеу, сол тілде білім алу көпұлтты қазақстандықтар үшін үлкен міндет. «Тіл туралы» заңның орындалуына  ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес  жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру  мектептегі білім сапасын арттыру мақсатында, біздің мектепте де көптеген жұмыстар  атқарылып жатыр. 12-20 наурыз  аралығында  біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәндері бірлестігінің мұғалімдері өткізген онкүндігі өтті. Көптеген  сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізілді. Айта кетсек:

 12-ші наурызда  «Мемлекеттік тіл - менің-тілім» атты салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы презентация  өтті. Презентацияда ӘБ жетекшісі Апенова С.Т. мен Ибраева С.А. онкүндікте өткізетін сыныптан тыс  іс-шаралар  жоспарымен таныстырып, оқушыларды белсенділік танытуға шақырды.

10-20 наурыз аралығында  мектептегі сынып жетекшілері мен қазақ тілі мұғалімдерімен ұйымдастырылған «Қош келдің, әз-Наурыз!!!» атты  қабырға 

газеттері шығарылды.
      


11.03.2018ж.   Нурымбаева С.Қ, Мусабекова Г.К. «Ойна да күл, оқы да біл» атты 7-сынып оқушылары арасында  сайыс өткізді. 

      

14 наурыз айында 5-10 сыныптар арасында  қазақ тілі пәнінен   Қазақстандық Интеллектуалдық олимпиада  оқушылар қатысты.


14 наурыз айында 5-6 сыныптар арасында   «Ертегілер еліне саяхат» атты қазақ ертегілерінен  көрініс көрсетілді.
   


16.03.2018 ж. Ибраева Сараш Алкебаевна  7-10 сынып оқушыларымен Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек»  атты әдеби- сазды кеш өткізді.


        

16.03.2018 ж.«Сөз мерген» атты  танымдық сайыс сабағы 5 сынып оқушылары арасында өтті.
    

17 наурыз айында  8-9 сыныптар арасында «Лингвистикалық сайыс» атты викторина өтті.
   

17 наурыз айында мектеп актзалында «Армысың, әз Наурыз!»

атты ертеңгілік өтті.
      


Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында 6-11сынып оқушыларымен мектепішілік  мерекені  Юсупова Х.К. мен  Мусабекова Г.К. өте жоғары деңгейде сынып оқушыларын ауыл-ауылға бөліп, ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіліп, ойындар, ән мен би биленіп, айтыс ұйымдастырылды. 
   

Директорға сұрақ қою