"Ана тілі-білімнің кілті"
10 қыркүйекте №14 МГ 9 сыныптарға Нұ-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының" ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Аимгуль Джумабаева Тіл мерекесіне арналған сынып сағатын өткізді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауды, құрметтеуді түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Сабақ соңында "Ана тілі-білімнің кілті" сайысы өткізілді, бұл сайыста оқушылар екі топқа бөлініп, белсенді қатысты. Оқушылар дипломдармен марапатталды.