«Мемлекеттік тіл-менің тілім» тіл апталығы.
Тақырыбы: «Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі –тіл, бірі-ділің жүректегі»
Мақсаты: Қазақтың тілі мен әдебиетін жетік меңгерген, Абайды оқыған, терең ойлап, көркем сөйлей білетін, ұлттық құндылықтарды игерген, танымдық-шығармашылық қабілеті дамыған, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Тіл апталығы жоғары деңгейді өтілді. Апта аясында, сайыстар, пікірталас, әндер байқауы өткізіліп, қабырға газеттері көрмесі ұйымдастырылды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мұғалімдер атынан марапаттау қағаздарын алды. Қазақ тілі мұғалімдерінің педагогикалық біліктіліктері, шеберліктері, белсенділіктері жылдан-жылға артып келеді, мемлекеттік тілдің мәртебесі мектеп оқушыларының, ұстаздарының арасында өте жоғары.