Сынып жетекшілер ӘБ отырысы

1570035464267917.jpg

21.09.2019 ж. №14 МГ сынып жетекшілерінің семинар-практикумы өтті. Семинар - педагогтың кәсіби біліктілік деңгейінің көтеру түрі. Қазіргі сынып жетекшісінің қызметі білім мекемесінің тәрбие жүйесінде тәрбиеленушілермен жеке тіл табысудың негізгі механизмі болып табылады. Заманауи сынып жетекшісі өзінің  қызметінде жұмыстың жаңа түрлерін пайдаланып қана қоймайды. Жұмыс түрлері шексіз: әңгімелер, дискуссиялар, экскурсиялар, сайыстар, қоғамдықпайдалы еңбек, рөлдік тренигтер, көркем-эстетикалық қызмет.

Қазіргі заман сынып жетекшісі қандай болуы тиіс? Қазіргі тәрбие процесінде оның рөлі қандай? Осы сұрақтардың барлығын № 14 МГ педагогтары семинардың практикалық бөлімінде талқылады. Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі Калыкова Т.Ж. «Сынып жетекші жұмысында инновациялық қызмет және тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады.
  

Директорға сұрақ қою