Мұражайға саяхат!
2019 жылдың қазан айының 3 күні №14 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары және сынып жетекшілері: Исабекова А.Т., Калыкова Т.Ж., Тналина Г.Б. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріне барды. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Мұражайда төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, оқушылардың сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік берді.