Тәжірибе алмасу.
Өзін-өзі тану пәні - рухани-адамгершілікке тәрбилейтін, жанды білім беретін пәндердің пәні. Себебі, адам өзін-өзі танымай, айналасын, қоршаған ортаны тани алмайды. Біз бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығармайынша, "Адам" деген атқа лайық болмаймыз. Абайдың "Толық адам" ілімі осы пәнмен астасып жатыр. Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын? деп Хакім Абай айтқандай, АДАМ БОП ҚАЛУ ӨМІРДЕГІ БАСТЫ МІНДЕТ.