"Тұрмыс" жедел профилактикалық шарасы.
"Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 2020 жылдың 20 қаңтар - 20 ақпан аралығында "Тұрмыс" жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, алдын-алу, сонымен қоса есепке алу, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 2020 жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында "Тұрмыс" жедел-профиалктикалық ашарсы өткізілуде.
"Тұрмыс" ЖПШ шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы ПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары тарапынан жалпы білім беру мекемелерінде, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мақсатында, "Тұрмыстық зорлық-зомбылық" тақырыбында профилактикалық дәрістер, дөңгелек үстел және т.б. өткізіліп, "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу туралы" Заңнамасы бойынша буклеттер таратылуда.