Елорданың дарынды балаларымен кездесу.

1607925792541529.jpg

2020 жылы 11 желтоқсанда елорда әкімінің Нұр-Сұлтан қаласының дарынды балаларымен кездесуі өтті, №14 мектеп-гимназиядан 7 «Ғ» (сынып жетекшісі Мамбетов А.Т.) оқушысы Амангелді Арнұр шақырылды.

Кездесуді ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, білім басқармасы, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы

Кездесуге қатысушылар: Нұр-Сұлтан әкімі А.С. Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Б.М., білім бөлімінің басшысы Ш.М. Қадырова, музыкалық, шығармашылық, спорттық, халықаралық, республикалық байқаулар мен жарыстар, олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Амангелді Арнұр мектептегі спорттық іс-шараларға, пәндік олимпиадаларға, конференциялар мен жарыстарға белсенді қатысады. Ол келесі жарыстар мен олимпиадаларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды:

 «Зерде» қалалық ғылыми жобалар байқауында 1- орын (2019 ж., Астана қ.);

XIV Республикалық «Зерде» байқауында 1- орын (2019 ж., Астана қ.);

«Ғылымдағы дебют» қалалық ғылыми жобалар байқауында 1- орын (2019 ж., Нұр-Сұлтан);

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда Мемлекеті: тарихы мен ғылымы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 1-орын (2019, Нұр-Сұлтан);

II дәрежелі Диплом: «Білімді ұрпақ, болашақ кепілі» тақырыбындағы эссе байқауында («Ұлы Дала Дарыны» журналындағы мақала);

«Bilim Orkenieti» ғылыми инновациялық орталығының байқауында 1-орын (2020, Нұр-Сұлтан);

Республикалық «Алтын кітабы» байқауының І дәрежелі Дипломы (2020, Нұр-Сұлтан);

I пәндік әл-Фараби олимпиадасында 1-орын (2020, Нұр-Сұлтан);

Ол Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» медалі мен сертификатының иегері (2020, Нұр-Сұлтан), Білім басқармасының алғыс хаты бар (2019, Нұр-Сұлтан);

 Ол олимпиадалар мен жарыстарға қатысумен қатар, футбол секциясына қатысады және журналистика курстарына барады, оның ұстазы - Ғалымжан Кеншілік,  «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» және «Егіз-лебіз» бағдарламаларының жүргізушісі,  осы салада сертификаттары бар.

     

 

 

Директорға сұрақ қою