Семинар

1636603888373480.jpg

2021 жылдың 04-05 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Білім беру және ғылым жүйесін жаңартудың ғылыми негіздері» атты ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының биология пәні   мұғалімдеріне арналған  «Тілдік емес пәндер бойынша (биология материалдары) қостілді оқытудың когнитивтік-коммуникативтік технологиясы» атты  Булатбаева К.Н. авторлық технологиясы бойынша оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Семинар ұйымдастырушылары «Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық Білім академиясы» ШЖҚ-ғы  РМК және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ.

Семинардың  үйлестірушілері  ретінде  педагогикалық ғылымдар докторы, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми қызметкері, «Білім беру жүйесі және ғылымды жаңартудың ғылыми негіздері» атты ҒТП жетекшісі Булатбаева К.Н. және «№14 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Надеин О.А. қатысты.

Семинардың алғашкы күні мектеп директоры Надеин Олег Анатольевич қатысушылар мен қонақтарды қарсы алып, алғы сөз сөйледі. Ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдерге алғыс білдіре  отырып, келген қонақтарға еңбекте  табыс тіледі.

  

 Булатбаева  Кулжанат Нурымжановна «ОККТ-сын жүзеге асыру механизмінің» бірінші теориялық деңгейін өткізді.
  

Шағын үзілістен кейін мұғалімдер ОККТ бойынша семинардың тәжірибешілік бөліміне көшті.



05 қараша күні семинар жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары - Қалиева Айжан Оразбаевна және Кольцова Татьяна Анатольевна ашты.

      

Әрі қарай «Ағылшын тілінде биология» қостілді оқытудың жүйелік тапсырмаларын әзірлеу» атты өзінің шебер-сыныбын ағылшын тілі және биология пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ-нің педагог-шебері - Тлектес Жубаевна Калыкова өткізді.

  

Шағын талқылаудан кейін мұғалімдер семинардың тәжірибешілік бөлігіне көшті.

   
 

 

Директорға сұрақ қою