Кітапханадағы танымдық іс-шара

1637917256023049.jpg

Кітапханадағы  танымдық  іс-шара
Өткен жұмада №3 балалар кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермекбай Жарас Ақышұлының «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті.

      Аталмыш кітапхананың меңгерушісі Актаева Марал Құрақбайқызы және кітапхана қызметкері, жүргізуші Темирбаева Нұрбану Ибраимқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты қонағы  @QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің халықаралық менеджері Асильбаева Гульмира Анетқызы Жарас Ақышұлының кітабымен таныстырды. «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен Шоқан атамыздың  зерттеулеріне жалпы шолу жасап, маңызды әрі қызықты мәліметтер айтып өтті. Сондай-ақ  @QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің қолдауымен басылып шыққан Жарас Ақышұлының танымдық кітабын №14 мектеп атынан келген 7 «Д» сынып оқушыларына және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Аскароваға тарту етті.

    Н. Темирбаева Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайында слайдты қонақтардың назарына ұсынды.

      №14 мектеп-гимназияның 7 «Д» сынып оқушылары – Аймухамед Айғаным, Балтабай Ақбота, Жукенов Алдияр, Жұмабек Мұхаммедәли, Мұхаметғали Нұржан, Мустафина Алуа, Оспанова Атина және Серікқызы Мейірім Шоқан аталарының өмірі, шығармашылығы, зерттеушілік жұмыстары жөнінде көптеген мәліметтер айтты.Сонымен қатар Жұмабек Мұхаммедәли мен Мұхаметғали Нұржан Достоевскиймен жазысқан хаттарынан үзінді оқып, сынып оқушылары өз білімдерімен көрермендерді тәнті етті.

   Ш.Уәлихановтың тағдыры мен мұрасын насихаттау мақсатында өткен тағылымы мол іс-шарадан оқушылар құнды дүниелерге қанығып, білім көкжиектерін кеңейтіп, болашаққа бағдар алып қайтты.

        

Директорға сұрақ қою