«Білім сапасын арттырудағы жаңа оқулықтардың тиімділігі»
«Атамұра» баспасы 2-сынып жаңа оқулығымен жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер және іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында 2022 жылдың 7 қазан күні Астана қаласы «№31 мектеп – гимназиясы» базасында Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында «Атамұра» баспасы 2-сынып жаңа оқулығының авторлары,п.ғ.к. Қайырбекова А.И., Нукебаева Б.С, Мухаметжанова А. К. жаңа оқулықтың оқыту әдістемесі және онымен жұмыс жолдарымен таныстырды. «Тілдік дағдыны дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер», «Электронды оқулықты сабақ барысында қолдану жолдары» атты тақырыптарда №31,№85 мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тренинг өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.