Тілдер күніне орай «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты танымдық сайысы
Оқушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі
тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту; ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер
қатарына жататындықтан оқушыларға олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір
- қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін
ұғындыру мақсатында 2022 жылдың 8 қыркүйек күні №14 мектеп-гимназиясының
кітапханасында қазақ тілі мұғалімдері Шаймарданова Ж.Г., Картабаева Ж.Ч., Алиева
А.Ш., кітапханашы Конканова Р.К. жетекшілігімен 2-4 сынып оқушылары арасында «Тіл
- тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты танымдық сайыс өткізілді.
Сайысымыздың І-ші кезеңі – «Бәйге» деп аталды. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын
тілдері бойынша сайыскерлерімізге сұрақтар берілді. Сайысқа қатысушылар берілген
сұрақтарға тез, шапшаң жауап берді.
ІІ – кезең «Полиглот». Мақал – мәтелдерді жалғастыру. Мақал- мәтелдердің жалғасын
сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтты.
ІІІ – кезең «Жорға»деп аталды. Сайыскерлеріміз қазақ, орыс, ағылшын, украин,
ингуш тілдерінде нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б.
ақындардың өлеңдерін оқыды.
Бүгінгі «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты танымдық сайысында оқушылар
көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдер орындады. Әділ қазылар
шешімі бойынша «Бірлік» тобы (4 «А» сыныбы) жеңімпаз атанды.